Төтенше жағдай кезінде тәртіп сақтау маңызды - Дархан Мыңбай
Төтенше жағдай кезінде тәртіпті сақтау маңызды. Ережелерге бағынып, азаматтарымыз түсіністікпен қарау керек. Ұлттық арнаға сұхбат берген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дархан Мыңбай осылайша азаматтарымызды тәртіпке шақырып отыр. Депутат қазіргі уақытта популизмнен аулақ болып, бірлігімізді көрсетуіміз қажет, дейді.
Дархан Мыңбай, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:Шиеленіскен қиын күндері біз қиындыққа шыдап, төзген ерді көрдік, соны сезген елді көрдік. Ол біздің еліміз. Қазіргі жедел түрде орындалып жатқан шаралар өте орынды. Төтенше жағдай деп отырмыз, соның заңдылықтарын сақтау өте маңызды. Әлі де біреулер беймезгіл жүреді, қоғамдағы болып жатқан жағдайға байланысты ережелерді бұзып жатқан адамдарға не дейміз? Ол дұрыс емес. Қарапайым ережелер бар, төтенше жағдай кезде жеке құжатттарын алып жүру керек. Өр көкірекке салынып, мені ұстама деген сияқты текетіреске барады, мұның барлығы мәдениетсіздік. Кез келген құқық қорғау органдардың талабына жауап беру, қажет болса тергеу бөліміне бару керек. Кез келген адам тәртібін көрсету арқылы тыныштығымызға үлес қоса алады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жыл соңына дейін 185 мың шақырым жол цифрландырылады
24.08.2026, 17:13
Президент дарынды оқушыларды марапаттады
24.08.2026, 17:10
«Халық үні» қозғалысы 11 қалада сайлауды бақылаған
24.08.2026, 17:07
Халықаралық байқаушылар: Заң талаптарына сай өтті
24.08.2026, 17:05
Халықаралық байқаушылар: Сайлау жоғары деңгейде өтті
24.08.2026, 17:03
Құрылтай сайлауы: Дауыс берудің алдын ала нәтижесі жарияланды
24.08.2026, 17:00
Еуропадағы қазақстандықтар белсенді дауыс берді
24.08.2026, 13:24
Президент дзюдошыларды тарихи жеңісімен құттықтады
24.08.2026, 13:18