Басты Жаңалықтар Атыраулық теміржолшылар жаппай тәртіпсіздік кезіңде жарақат алғандар үшін қан тапсырып жатыр

Атыраулық теміржолшылар жаппай тәртіпсіздік кезіңде жарақат алғандар үшін қан тапсырып жатыр

Атыраулық теміржолшылар жаппай тәртіпсіздік кезіңде жарақат алғандар үшін қан тапсырып жатыр. Волонтерлер де полицейлер мен күш біріктірді. Мұнайлы өңірдегі соңғы ахуалды тікелей эфирде телефон арқылы меншікті тілшіміз Жандос Темірғали баяндауға дайын. 

Соңғы ақпарат бойынша екі мыңнан астам теміржолшы қан тапсыруға шешім қабылдаған. Қазірдің өзінде 70-тен астам адам қан тапсырып үлгерген. Сын сағатта волонтерлер де аянып калмады 100 -ге жуығы қоғамдық тәртіпті үлес косамыз деп үлес білдірген. Сондай-ақ бүгін денешыныктыру және алғашқы әскери дайындық мұгалімдерден құралган 62 адам кушейтілген режимде кызмет етіп жүрген полицейлерге косылды. Енді олар инспекторлармен бірге кала көшелерін аралап тұрактылыкты орнатуга үлес қоспақ. Өңірдегі дін өкілдері де блок бекеттер де тұрган тәртіп сақшыларына тамақ таратты. Қазір менің жанымда осы игі іске үлес қосқан облыстың бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы тұр. 
Алтынбек Ұтысханұлы, Атырау облысының бас имамы: 
Әрине мұндай сындарлы сәттерден шығатын бір-ақ жол - ол бірлігімізді ынтымағымызды арттыру. Қолдан келгенше үлесімізді көмегімізді аянбай қосуымыз қажет. Әркім өз қолынан қосатын үлесін, Мемлекет басшысының төтенше жағдай жариялауының өзін дұрыс түсініп, соған қолдау көрсетуіміздің өзі біздің үлкен көмегіміз деп білеміз.

Сондай-ақ бүгін облыс әкімі Махамбет Досмұханбетов бұзақылық кезіңде жаракат алып ауруханга тускен 2 тәртіп сақшысына барып жағдайын білді. Өңір басшысы сауда орындарындағы азық-түлік бағасын да тексерді. Кейін блокбекеттердегі ахуалмен танысты. Соңғы ақпаратка сай жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырып бұзақылық жасаған 170-ден аса адам ұсталды.49 полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның 27 сарбазы жарақат алған. Сонымен қатар ТЖ әртібін бұзған 73 тұрғын анықталды. 


Бөлісу