Елорда тұрғындары тыныштықты ғана қалайды
Қарапайым халыққа керегі тыныштық. Елордалықтардың пікірі осы. Олар тұрғындарды ең әуелі сабыр мен төзімді серік етуге үндеді.
Қала тұрғыны:
Үлкен жақсылық болады деп үміттенеміз. Халық тілейді. Енді қазір Президент барлық билікті қолына алды ғой. Түзеледі деп ойлаймыз.
Қала тұрғыны:
Алматы мен Шымкентте болып жатқан жағдай әрине, әрбір қазағымыздың қабырғасын қайыстырып жатыр. Жап-жас балалар сөзге еріп кетіп жатыр. Ақ-қарасын ешкім көріп жатқан жоқ. Бірақ мына жағдай түн ұйқымызды бұзды. Әрине бейбіт, тыныштық болсын елімізде.
Қала тұрғыны:
Сабырлық керек деймін. Сабырлы болып, көну керек елмен бірге. Бірақ солай десек те, тыныштық болсын, халқымыз аман болсын. Енді елдің көргенін бірге көреміз.
Қала тұрғыны:
Осы жақсы болып, бұрынғы өмірімізге қайта келсек... Президентіміз ойлап жатыр ғой халықты. Енді сол сөзінде тұрып, жақсы боп кетеді деген үміттеміз. Жақсылыққа сенеміз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17
Израиль саяси тығырыққа тірелді: Жаңа үкіметті кімдер құратыны әлі белгісіз
30.10.2026, 20:15