Талдықорғанда облыстық «Жетісу» телеарнасы мен «Журналистер үйін» әскерилер күзетуде
Талдықорғанда жағдай тұрақталып келеді. Қалаға әскерилер кірді. Шаһарды енді десантты шабуылдаушы бригаданың сарбаздары күзетіп, көшелерді шолуға кірісті. Броньді техника және мұздай қаруланған әскерилер маңызды нысандарды күзетуге кіріскен. Олардың қатарында облыстық «Жетісу» телеарнасы мен өзге де бұқаралық ақпарат құралдары орын тепкен «Журналистер үйі» де бар. Антитеррорлық операция жалғасып жатыр.
Серік Күдебаев, Алматы облысының коменданты:
Қазіргі кезде жағдай бақылауда. Бірінші кезектегі қажетті нысандардың барлығы штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Тұрғындардан жағдайға түсіністікпен қарап, тыныштық сақтап, үйден себепсіз шықпауды сұраймын. Облыс аумағында террористік қауіптің «қызыл деңгейі» еңгізілді. Құқық қорғау органдары заңды талаптарға бағынбаған жағдайда қару қолданатының ескертемін.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шетелдік сарапшылар сайлау барысын бағалады
24.08.2026, 17:51
Ел жаңалықтарына шолу
24.08.2026, 17:39
Қазақтың амандасу әдебі қалай болған?
24.08.2026, 17:37
Ақтөбе облысында тағы бір ауылға газ берілді
24.08.2026, 17:33
Түркістанда өңірлік кардиохирургиялық орталық ашылды
24.08.2026, 17:30
ШҚО-да 4 мың адамды кене шаққан
24.08.2026, 17:27
Ақмола облысында 1,3 млн тонна астық бастырылды
24.08.2026, 17:25
Қытайда тасқыннан 54 мыңдай адам үйлерін тастап кетті
24.08.2026, 17:22