0:00:00
0:00:00
Бүлікшілер жаппай тәртіпсіздік кезінде Семейдегі қалалық әкімшілікті талқандап, халықтың үрейін туғызған еді. Олардың жолы кесіліп, бұзақылық жасағандар түгелдей қолға түсті. Өңірде жағдай біртіндеп тұрақталып келеді.
Ержан Жақып, тілші:
Өңірде ТЖ режимі енгізілгенімен, халықтың қалыпты тұрмыс кешуіне барлық жағдай қарастырылып жатыр. Облыс басшысы өңірдегі 15 банктің өкілімен кездесу өткізген. Нәтижесінде банкоматтарды қолма-қол ақшамен толтыру жайы келісілген. Қазір қалада «Халық банк», «Сбербанк», «Каспибанк» банкоматтары істеп тұр. Шаһардағы сауда орындары , ірі базарлар жұмысын тоқтатқан жоқ. Азық-түлік жеткілікті. Оған қоса ауылшаруашылық өнімдерін саудалайтын жәрмеңкелер жұмысын жалғастыруда. Тәртіпсіздік кезінде қалалық әкімшіліктен басқа нысандар бүлінбеген. Ал бұзақылар талқандаған әкімшілік ішін жөндеу ертең басталады. Ол үшін арнайы комиссия құрылған. Шығын есептелуде. Жалпы, Семей жұрты қалыпты тұрмыс кешіп жатқанымен, елдің ертеңіне әлі де алаңдаулы. Мемлекеттің тұтастығы мен ел бірлігін тілеп отыр. Қазір менің жанымда ҚР Мәдениет қайраткері, ақын Құсмілия Нұрқасым ағамыз тұр. Көңілі алаң Қазақстан халқына Абай елінің атынан айтарыңыз болса, сөз кезегі сізде.
Құсмілия Нұрқасым, ақын:
Елімізде болып жатқан дүрбелең бізді Тәуелсіздігімізден айыра жаздады. Алматыдағы қантөгіске де куә болдым. Лаңкестердің үлкен дайындықтан өткені, қаруланғаны, алдын ала жоспарланғаны көрініп тұр.
Ержан Жақып, тілші:
Төтенше жағдай режиміне орай қаланың кіреберіс жолдарына блокбекеттер қойылған. Оған қоса стратегиялық маңызы бар нысандарды әскерлер күзетуде.