Тәртіпсіздік болмаған өңірдің бірі - Ақмола облысы
Тәртіпсіздік болмаған өңірдің бірі - Ақмола облысы. Тұрғындар бірнеше күн жиналып, өз талап-тілектерін білдірген. Бірақ ешқандай заңсыздыққа жол бермей тарады.
Ермек Елберген, тілші:
Ақмола облысында оның ішінде Көкшетауда жағдай тұрақты. Барлық мекеме қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Демалыс болғандықтан балаларымен серуендеп жүрген тұрғындар баршылық. Десе де төтенше жағдайдың, коменданттық сағаттың талаптары қатаң сақталуда. Полиция мен күштік құрылымдардың мамандары күн-түні қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін қалтқысыз қызмет етуде. Көкшетауда коменданттық сағатта 60 полиция қызметкері, 18 автопатруль және 200-ден астам «халық сақшысы» жұмылдырылған. Алайда ереже бұзғандар да жоқ емес. Төтенше жағдай режимін бұзған 28 адам ұсталған. Ал өткен түні коменданттық сағат ережелерін сақтамаған 140 адам анықталды.
Ермек Елберген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17
Израиль саяси тығырыққа тірелді: Жаңа үкіметті кімдер құратыны әлі белгісіз
30.10.2026, 20:15