Төтенше жағдай режимін сақтамағандар он тәулікке қамалуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Төтенше жағдай режимін сақтамағандар он тәулікке қамалуы мүмкін

08.01.2022

Төтенше жағдай енгізілгелі 102 нөмеріне тыным жоқ. Елорданың өзінде үш күнде 9 мыңнан астам қоңырау түскен. Жұртшылық әсірпесе қалаға кіріп шығу, халыққа қызмет көрсету орталықтары мен банктердің жұмыс кестесін сұрап жатыр. Соңғы ақпарат пен Нысаналы Ығыл бөліскелі тұр. 

Нысаналы Ығыл, тілші:
Осы аралықта 45 қылмыс тіркелді. Сондай-ақ 2000-нан аса әкімшілік құқықбұзушылық тіркелді. Ал төтенше жағдай режимін сақтамаған 22 адам жауапқа тартылды. Қалада арақ-шарап сатуға тыйым салынды. Сауда нүктелері дүкендер мен дәріханалар, тек сағат сегізден кешкі онға дейін ғана ашылу керек. Сондай-ақ Қарағанды облысында күшейтілген режим енгізілгелі 128 адам ұсталды. Жалпы талап бұзғандар он тәулікке қамалуы мүмкін. Ал, аймақты тексеру кезінде үш мылтық пен бір тапаша табылды. Бұдан бөлек блокбекеттен заңсыз өтпек болған Өзбекстан азаматы ұсталды. Оның ҚР-дағы тіркеуі өтіп кеткен. Мұнымен қоса блокпоста былтыр 27 желтоқсанда хабар ошарсыз кеткен қарағандылық қыз ұсталды. Былтыр 27 желтоқсанда хабар ошарсыз кеткен қарағандылық қыз ұсталды.


Хабарламаларға жазылу