Теміржол қозғалысы толығымен реттелді
Еліміздегі жаппай тәртіпсіздіктерден кідіріп қалған пойыздардың қозғалысы біртіндеп қалпына келіп, жүру кестесі реттелді. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының өкілдері хабарлады. Осыған дейін Маңғыстау, Семей бағытымен қатынайтын жолаушы пойыздардың тоқтатылған еді. Енді барлық бағытта жүк, жолаушы тасымалын жүзеге асыратын теміржол көліктерінің жұмысы қалыпты режимге көшті. Сонымен қатар сала мамандары теміржол вокзалдарында ішкі мүлікке еш залал келтірілмегенін айтады. Ал билет құнын пайдаланбаған жолаушылардың ақшасы өз иелеріне алты айдың ішінде толыққанды қайтарылатын болады.
Мәди Мұхамедқали, «Қазақстан Темір жолы» ҰК БАҚ-пен жұмыс жөніндегі департаменттің менеджері:
Жолаушылар тасымалында жолаушылардың ағыны күрт артып кеткен болатын. Енді 90 пайыздан асып кетті. Осыған орай бізде Ұлттық компания қосымша пойыздарды іске қосқалы отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17
Израиль саяси тығырыққа тірелді: Жаңа үкіметті кімдер құратыны әлі белгісіз
30.10.2026, 20:15