Қарағанды облысында қазір жағдай тұрақты, күштік құрылымдар қоғамдық тәртіпті бақылауға алған. Бұған дейін өз алаңдаушылықтарын білдіріп, талаптарын қойған кәсіпорын жұмысшылары қазір толық өзө жұмыстарына кіріскен облыстағы жалпы ахуалды дәл қазір сол өңірдегі тілшіміз Руслан Нұрланұлы баяндайды.
Руслан Нұрланұлы тілші:
Қарағанды өңірінде қазір жағдай тұрақты. Тәртіп бұзғандар болған жоқ. Аймақта 6-шы қаңтардан комменданттық сағат енгізілген. Бүгінгі күні Қарағанды маңында 8 блокбекет қойылған. Тәртіп сақшылары кірген-шыққан көліктерді толық тексереді. Ал түнгі 23:00-ден бастап көліктердің жүруіне тыйым салынған. Комменданттық сағат уақытында халыққа да бей сауат жүруге болмайды. Қарағанлының өзінде түні бойы 50 экипаж қоғамдық тыныштықты күзетеді.
Айта кету керек, бұған дейін наразылық танытқан еңбек ұжымдары да дәл қазір жұмыстарына кіріскен. Мысалы, Сәтпаев қаласында жұмысшылар өз талаптарын қойған болатын. Қазақмыс компаниясы көтерілген мәселе бойынша шара қабылдады. Жағдай тұрақты, кәсіпорын толығымен жұмыс істеп тұр деді облыс әкімі Жеңіс Қасымбек. Қазір жанар май құю бекеттерінде газ бағасы 70 теңгеден, ал бензин 181-182 теңгеден сатылып жатыр.
Сондай-ақ, қаладағы барлық сауда орындары, базарлар, қоғамдық қызмет көрсету орындарпы штаттық режимде жұмыс істеуде. Банкоматтарда кезек үлкен. Интернеттің жоқтығынан бірқатар істемейді.