Ұстаздар Президент үндеуіне толықтай қосылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұстаздар Президент үндеуіне толықтай қосылады

07.01.2022

Президенттің үндеуіне пікір қосқан ұстаздар қауымы да ел амандығы мен тыныштығын тілейді. Олар мемлекет басшысының ел бүтіндігін бұзғысы келетін экстремистер заң алдында жауап беруі керек деген пікірде.

 Сандуғаш Парманова, қалалық №66 мектеп-лицейінің мұғалімі:
Президентіміздің қазір айтып жатқан Үндеуіне толықтай қосыламыз. Қазір елімізде қара ниетті арандатушылар солардан сақ болуды шақырамыз. Олар міндетті түрде жазаланады. Және елімізде әрі қарай тыныштық, бейбіт өмір болады деп сенеміз.
Гүлзипа Қылышпаева, қалалық №5 гимназия мұғалімі:
Тәртіпке бағыныңдар. Тәртіпке келіңдер. Әлі де болса ойланыңыздар. Өз жерлеріңізді, өз отандарыңызға, өз халықтарыңызға қол көтермеңіздер. Сабырлыққа, ынтымаққа келейік. 


Хабарламаларға жазылу