Батыс Қазақстан облысында облысаралық тасжолдарына блокбекеттер қойылды
Батыс Қазақстан облысында Орал-Ақтөбе, Орал-Атырау облысаралық тас жолдарына блокбекеттер қойылды. Полиция қызметкерлері шеттен деструктивті топтардың кіруіне жол бермеу үшін көліктерді жіті тексеріп жатыр.
Блокбекеттен тек дәрігердің көмегіне мұқтаж және жұмыс бабымен келген тұрғындардың өтуіне ғана рұқсат.Кеше түнде коменданттық сағат талабын сақтамаған 38 адам ұсталды. Оларға ескерту жасалып, босатылды. Қазір орталық алаң мен облыс әкімдігі ғимараты қоршаулы тұр. Күштік құрылымдар күзетте. Кешеден бері еріктілер оларға ыстық тамақ үлестіруде. Қоғамдық көлік тоқтаған жоқ. Ал кей газ құю бекеттерінде сұйытылған отын шекті баға 60 теңгеден, кейбірінде талонмен беріліп жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шетелдік сарапшылар сайлау барысын бағалады
24.08.2026, 17:51
Ел жаңалықтарына шолу
24.08.2026, 17:39
Қазақтың амандасу әдебі қалай болған?
24.08.2026, 17:37
Ақтөбе облысында тағы бір ауылға газ берілді
24.08.2026, 17:33
Түркістанда өңірлік кардиохирургиялық орталық ашылды
24.08.2026, 17:30
ШҚО-да 4 мың адамды кене шаққан
24.08.2026, 17:27
Ақмола облысында 1,3 млн тонна астық бастырылды
24.08.2026, 17:25
Қытайда тасқыннан 54 мыңдай адам үйлерін тастап кетті
24.08.2026, 17:22