Басты Жаңалықтар Алматы, Ақтөбе қалалары мен Алматы облысында жағдай қалпына келтірілді

Алматы, Ақтөбе қалалары мен Алматы облысында жағдай қалпына келтірілді

Алматы, Ақтөбе қалалары мен Алматы облысында жағдай қалпына келтірілді. Төтенше жағдай режимі нәтиже берді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеуінде осылай деді. Еліміз бойынша конституциялық заңдылық орнатылғанын айтып, төтенше жағдайдың себеп-салдарына тоқталды. Құқық қорғау органдары мен армияның іс-қимылына, сондай-ақ ведомствоаралық үйлесіміне қатысты мәселе көп екенін жеткізді. Осы оқиға кезінде арнаулы жасақ пен құрал-жабдықтардың жетіспейтіні белгілі болды. Сондықтан мәселені шұғыл шешу керек.

Президент терракт жасау туралы жоспардың жасырын дайындалғанын мемлекет қалайша білмей қалғанын сынға алып, бүге-шүгесін анықтау керек деді. Алматының өзіне 20 мыңдай содыр шабуыл жасаған. Террористер мемлекеттік және жеке азаматтардың дүние-мүлкіне залал келтіріп, азаматтарға қарсы қару қолданды. Сондықтан құқық қорғау органдары мен армияға лаңкестерге қарсы ескертусіз оқ атуға бұйрық бергенін жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай кезінде қаза тапқан азаматтардың отбасыларына қайғыра көңіл айтып, қазақстандықтарды сақтық танытып, елімізге деген адалдықты сақтап қалуға үндеді.

Бөлісу