Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев тұрғындарға үндеу жолдады
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев тұрғындарға үндеу жолдады. Ол қала тыныштығын бұзуға арандатушылар экстремистік әрекеттерімен сырттан да, іштен де әсер еткенін айтты. Алматының тыныштығы мен бейбіт өмірін сақтау мақсатында құқық қорғау органдары қажетті шараларды қабылдап жатқанын жеткізді. Айтуынша, қазір қаладағы жағдай билік бақылауына алынды. Арандатушылар мен экстремистер ұсталып, бүлік салушылар анықталып жатыр.
Бақытжан Сағынтаев, Алматы қаласының әкімі:Әкімдік қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін барлық саланы қалыпта ұстау мақсатында жұмыс істеуде. Біздің ортақ мақсатымыз – қаламызда тыныштық пен тұрақтылықты қамтамасыз ету, бейбіт халықты қауіп-қатерден аман сақтау. Сондықтан бәріңізді арандатушылық пен заңсыздық әрекеттерді қолдамауға шақырамын. Бүгінгі түнде қаламыздың тыныштығын сақтауға атсалысқан тәртіп сақшылары мен барлық жауапты қызметкерге түсіністік танытып, жауапкершілікпен қараған алматылықтарға рахметімді айтамын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жалпыұлттық онлайн-марафон: Дискуссия алаңында 15 тақырып талқыланды
24.08.2026, 20:57
Ғалымдар Жанкент шаһарын 20 жылдан бері зерттеп келеді
24.08.2026, 20:54
Елімізде тарихи-мәдени мұраны қорғауға қатысты берік құқықтық тетік қалыптасты
24.08.2026, 20:50
Жаңбыр соңы қарға ұласады, кей өңірлерде +35 градус болады
24.08.2026, 20:44
«Жаңа оқу жылына - таза мектеп» акциясы өтуде
24.08.2026, 20:19
Көлік саласын цифрландыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
24.08.2026, 20:17
Елімізде міндетті сақтандыру жүйесі өзгереді
24.08.2026, 20:12
Амандасуда ұлттық әдеп бар
24.08.2026, 20:09