Елдегі жағдайға байланысты бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы халықты сабырға шақырды
Зиялы қауым өкілдері халықты сабырлыққа шақырды. Белгілі ақын, айтыс жанашыры Жүрсін Ерман «Біз үшін қазір ең маңыздысы - елдің амандығы» деді өз сөзінде. Ал Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімов ел ішіндегі әр істі ақылға салып шешкен жөн екенін айтты.
Жүрсін Ерман, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері:Біз үшін қазір ең маңыздысы халықтың амандығы, тыныштығы, Тәуелсіздіктің тұрақтылығы болып отыр. Әрине, мәселенің бұлай ушығуына жол бермеу керек еді. Енді болар іс болды. Бірақ, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың халыққа арнауын тыңдап отырмыз. Мәселе шешімін тапты. Маңғыстауда, Ақтөбеде газ бағасы түсті 50 теңгеге дейін. Шерушілер ішінен ұсталғандар болса оларды босату туралы шешім қабылданды.
Асанәлі Әшімов, Қазақстанның халық артисі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты:Әр уақытта елдің тыныштығы керек. Арандатушылар көп. Соларға ермеңіздер.
Елдегі жағдайға байланысты еліміздің бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы да мәлімдеме жасап, халықты сабырға, бірлікке шақырды.
Наурызбай қажы Тағанұлы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти:Қадірлі ағайын, біз әрқашан осы еліміздің амандығы, келешегі үшін барынша аянбай, халқымызбен, жамағатымызбен бірге қызмет жасап келе жатырмыз. Әр қазақтың амандығы, саулығы барлығымызға өте қымбат. Сондықтан барыншы осы елдің амандығын, елдің тыныштығын ойлайық.
Берік Көшербай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жалпыұлттық онлайн-марафон: Дискуссия алаңында 15 тақырып талқыланды
24.08.2026, 20:57
Ғалымдар Жанкент шаһарын 20 жылдан бері зерттеп келеді
24.08.2026, 20:54
Елімізде тарихи-мәдени мұраны қорғауға қатысты берік құқықтық тетік қалыптасты
24.08.2026, 20:50
Жаңбыр соңы қарға ұласады, кей өңірлерде +35 градус болады
24.08.2026, 20:44
«Жаңа оқу жылына - таза мектеп» акциясы өтуде
24.08.2026, 20:19
Көлік саласын цифрландыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
24.08.2026, 20:17
Елімізде міндетті сақтандыру жүйесі өзгереді
24.08.2026, 20:12
Амандасуда ұлттық әдеп бар
24.08.2026, 20:09