Газ бағасын өзара келісіп көтерген кәсіпкерлер анықталды
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі еліміздің бірқатар өңірінде автогаз толтыру станцияларының арасындағы бағалық сөз байласу деректерін анықтады. Агенттіктің отын-энергетика өнеркәсібі департаменті басқармасының басшысы Қуат Асамбеков Маңғыстау облысындағы жағдайға байланысты «картельдік келісім» бойынша тергеу басталғанын мәлімдеді.
Қазір Маңғыстау, Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Алайда бір жұма бұрын газ өткізетін кәсіпкерлер газ бағасын өз еркімен 5 теңгеден 15 теңгеге дейін төмендетті. Осыған қарамастан кейбір автогаз станциялары сұйытылған газдың бағасын өзара белгілеген көрінеді.
Қуат Асамбеков, Отын-энергетика өнеркәсібі департаменті басқармасының басшысы:
Тергеу жақында басталғанына байланысты қазір қорытынды туралы айту ерте. Нәтижелерін шығару үшін біршама уақыт керек болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17