Түркістандық өнертапқыштың жобалары көпшіліктің қызығушылығын тудыруда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістандық өнертапқыштың жобалары көпшіліктің қызығушылығын тудыруда

30.12.2021

Жас өнертапқыш. Түркістан облысының Бадам ауылында тұратын Әйгерім Арынованың робототехника саласындағы жаңашыл жобалары көпшіліктің қызығушылығын тудыруда. Мектепте ұстаздық ететін ол жуырда автоматты түрде анисептик шашатын құрылғы мен тербелмелі бесік құрастырып шықты.

Құрылғыны жасауға Фаризаның бір аптадан астам уақыты кетті. Онысы күнделікті өмірге аса қажет дүние болып шықса екен деп талпынды. Нәтижесінде қолыңды жақындатсаң автоматты түрде алақаныңа антисептикалық сұйықтықты өзі шашатын құрылғына жасап шықты.

Фариза Арынова,  өнертапқыш:

Бір тиімділігі ешқандай токқа тықпаймыз, өзінің ішінде қуаты болады. бұл жерде ультрадыбыстық датчикке кедергіміз қолымыз болады. Ол кедергіні көрген соң антисептикті шаша бастайды.

Фариза-мектептегі жас мамандардың бірі. Бүгінде робототехника үйірмесіне жетекшілік етеді. Ұстаздарының айтуымен мектеп оқушылары да ғылыми жетістікке негізделген жаңа дүниелерді құрастыруда. 6 сыныпта оқитын шәкірттері біраздан бері айналаны шолатын дөңгелек шығырды жетілдіру үстінде.

Ерасыл Темірхан,  оқушы: 

Енді мұны жетілдіру үшін ғаламтордан іздеп, ұстазымнан көмек сұрап жүрмін. Болашақта музыка қоюға болады. Жылдамдығын арттыруға, төмендетуге болады.

Мына тербелмелі бесікт те жас маманның ақыл ойынан туған дүние. Роботтың көмегімен енді аналар өзге шаруасын алаңсыз атқара алады. Бесік нәресте жылай бастаса немес қолымен ақырын демеп жіберсе өздігінен тербеле бастайды. Бала уанса өзі тоқтайды.

Фариза Арынова, өнертапқыш:

Бала жылап жатқан жағдайда баланың дыбысын есту арқылы қозғала бастайды. Керек емес кезде роботомызды шешіп алып қоюға болады.

Фариза Арынова биыл жыл қорытындысы бойынша аймақтың үздік жастары санатына енді. Жасаған дүниелері облыстық байқауда үздік деп танылып, қаржылай қолдауға ие болды. Өнертапқыш жас енді бұл жобаларын әрі қарай жетілдірмек ниетте. Оларды тұрмыста пайдаланатындай етіп жасап, оған авторлық құқық алмақ.


Хабарламаларға жазылу