Сеул сахнасында - «Astana Ballet» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сеул сахнасында - «Astana Ballet»

22.10.2014
Сеул сахнасында - «Astana Ballet»

 

25 қазанда «Astana Ballet» шығармашылық ұйымы Корея Республикасының астанасы Сеулде өнер көрсетеді. Әлемдік турненің шешуші концертінде корей көрермендеріне бір актілік «Әлем» балеті сахналайды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Балет қойылымының авторы Ресейдің әйгілі хореографы Никита Дмитриевский. Музыкасын Болат Гафаров пен Арманд Амар дайындаған.

Балет либреттосын қазақстандық ақын, сценарист Бақыт Қайырбеков жазды.

«Astana Ballet» қыркүйек айында гастрольдік сапармен Еуропаның Париж, Вена, Мәскеу қалаларына сапарға шыққан еді.  

Айта кету керек, жас ұжым өнерімен шетелдік көрермендерді тәнті етіп, әлемнің ірі театрларының қызығушылығын тудыруда. 

Хабарламаларға жазылу