Қарағандыдағы түрмеде жазасын өтеп жатқандар колония маңынан қар қалашығын тұрғызды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыдағы түрмеде жазасын өтеп жатқандар колония маңынан қар қалашығын тұрғызды

28.12.2016
Қарағандыдағы түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқандар жаңажылдық мерекеге дайындықты бастап кетті. АК-159/7 колониясының маңы қар қалашығына айналған. Әр отрядтың жігіттері қиялдарына ерік беріп, қардан жүздеген мүсін жасаған. Олардың арасынан ертегі кейіпкерлерінің сан түрін кездестіруге болады. Әсіресе, көпшіліктің қызығушылығын туғызған теңіз қарақшыларының қайығы мен жол талғамайтын көлік.


Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу