Маңғыстауда қыз-келіншектер құрақ құрап жарысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда қыз-келіншектер құрақ құрап жарысты

12.12.2019

Олар төл өнерді жаңғыртып, ерекше тігілген оюлы құрақтарымен көпшіліктің қызығушылығын тудырды. «Құрақ Фест» облыстық фестивалі Ақтауда алғаш рет өткізіліп отыр. Шараға 35 адам қатысты. Үйде отырып, іс тігумен айналысатын әйелдерге сайыстың тапсырмасы алдын ала онлайн режимде берілген. Соған сәйкес, әрқайсысы құрақтың түр-түрінен көрпе тігіп әкелді. Шеберлердің жұмысын кәсіби мамандар бағалап, 8 аталым бойынша марапаттады. 

Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу