Каталония жағажайында теңіз суы арқылы ұялы телефон қуатын толтыруға болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Каталония жағажайында теңіз суы арқылы ұялы телефон қуатын толтыруға болады

28.12.2015
Каталония жағажайында теңіз суы арқылы ұялы телефон қуатын толтыруға болады

Каталония жағажайындағы Альтафулья қалашығында жаңа инновациялық жүйе іске қосылды. Яғни, мобильді құрылғылар мен планшеттерді теңіз суы арқылы қуаттауға жағдай жасалған. Жағажайда арнайы электрэнергиясын қысым арқылы шығаратын су құбырлары орналасқан.

Бұл жаңалық туристерге ұялы телефондарын тегін қуаттауға мүмкіндік бергендіктен, көпшіліктің  қызушылығын тудыруда. Алдағы уақытта Альтафульи билігі жаңа технологияны дамытуды жоспарлауда.

Сондай-ақ, жаңашылдыққа ие Water Green Project технологиясын орнату үшін 40 мың еуро көлемінде ақша жұмсалған.

Хабарламаларға жазылу