Ауғанстанда қыс түсіп, халықтың жағдайы тіпті қиындап барады
Ауғанстанда биыл қыс қатаңдау түсіп, ауыр экономикалық дағдарысқа душар болған халықтың жағдайын тіпті қиындатып отыр. Жергілікті тұрғындардың тұрмысы бұрынғы биліктің тұсында да оңай еместі. Ал тамызда тәліптер билікке келгелі, шетелдің қаржылай көмегі тоқтатылып, мыңдаған адам жұмыссыз, қаражатсыз қалды. Олар үшін қазір азық-түлік, дәрі-дәрмек, отын сатып алу мұңға айналған.
Біріккен Ұлттар Ұйымының дерегінше, бүгінде Ауғанстанда халықтың 55 пайызы немесе 23 миллиондайы аштықтың шегіне жетсе, тағы 9 миллионы осындай ахуалға қыс басталғанда душар болуы мүмкін.
«Талибан» кедейлердің тауқыметін білетіндерін айтады. Бірақ олардың пікірінше, бұл проблемаларға қырық жылдық соғыс пен бұрынғы үкіметтің елді дұрыс басқармауы себепші.
Сонымен қатар, тәліптер дағдарысты еңсеру үшін Вашингтонды ауған орталық банкінің 9 миллиард долларға жуық активтерін бұғаттаудан босатуға қайта-қайта шақырып отыр.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Кітапхана түні – 2026» шарасы өтті
23.10.2026, 10:25
Түркі әлемінің ортақ мұрасы: «Түркістан» энциклопедиясы жарық көрді
23.10.2026, 10:22
Ресейде жалған сертификаттарға қарсы күрес күшейтіледі
23.10.2026, 10:17
Алтын шикізатын шетелге заңсыз шығармақ болғандар ұсталды
23.10.2026, 10:15
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
23.10.2026, 10:14
Қытайда жер сілкініп, 16 адам қаза тапты
23.10.2026, 10:13
Қар құрсауында қалған 7 адам құтқарылды
23.10.2026, 10:12
7 жылда әлеуметтік салаға 88 трлн теңге бөлінді
23.10.2026, 10:10