Түркияда халыққа жергілікті «Turkovac» вакцинасын егу басталды
Бүгін Түркия госпитальдерінде халыққа жергілікті мамандар жасаған «Түрковак» вакцинасын салу науқаны басталды. Оны алғашқылардың бірі болып, елдің денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожа ектірді. Ол коронавирус эпидемиясы қайта күшейіп, «Омикрон» штамы тез тарап жатқандықтан, отандастарын міндетті түрде иммундалуға шақырды. Дегенмен министрдің мәлімдеуінше, осы індетпен ауруханаға түсіп жатқандар көбейіп отырған жоқ.
Түркияда 51 жарым миллиондай адам толық вакциналанған. Ал өткен тәулікте ел аумағында 36700-дей ковид жұқтыру оқиғалары тіркеліп, қауіпті инфекциядан 142 адам қайтыс болған екен.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Кітапхана түні – 2026» шарасы өтті
23.10.2026, 10:25
Түркі әлемінің ортақ мұрасы: «Түркістан» энциклопедиясы жарық көрді
23.10.2026, 10:22
Ресейде жалған сертификаттарға қарсы күрес күшейтіледі
23.10.2026, 10:17
Алтын шикізатын шетелге заңсыз шығармақ болғандар ұсталды
23.10.2026, 10:15
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
23.10.2026, 10:14
Қытайда жер сілкініп, 16 адам қаза тапты
23.10.2026, 10:13
Қар құрсауында қалған 7 адам құтқарылды
23.10.2026, 10:12
7 жылда әлеуметтік салаға 88 трлн теңге бөлінді
23.10.2026, 10:10