Елорда мектептерінде Наурыз мейрамы тойлануда
Алатаудың төбесін көкке тигізіп, Қаратауға құт-берекені үйгізіп, Жетісуға жасылдан көйлек кигізіп, Сарыарқаны самал желге сүйгізіп, әз-Наурыз мерекесі басталып кетті.
Ұлыстың Ұлы күнін Астанадағы Райымбек батыр атындағы №50 мектеп оқушылары ерекше ықылыспен қарсы алды.
Түркі халықтарына ортақ төл мейрамы - Наурызды астаналық оқушылар ерекше қарсы алды. Мерекелік шара ұлттық тағамдарға арналған көрмеден басталды. Қонақтар балалар арнайы әзірлеген тәтті тоқаштардан ауыз тиіп, ақ тілектерін арнады.
Қати-Дәмеш Әміртай, оқушы:
Наурыз мейрамында дастарханда ұлттық тағамдар тұруы керек.
Мерекелік шарада оқушылар дайындаған қолөнер бұйымдары да көрсетілді. Қазақ халқының салт-дәстүрін, әдеп-ғұрпын, өнерін бойына сіңіріп өскен балалар өз жұмыстарын ерекше ықыласпен орындапты.
Әлия Сексенова, Райымбек батыр атындағы №50 мектеп-лицейінің директоры:
Мерекелік шара Райымбек батырдың тікелей ұрпақтарының қатысуымен өтіп жатыр. Бүгінгі кештің оқушылар үшін тәрбиелік мәні зор.
Кеш ежелгі дәстүр бойынша көрісуден басталды. Кішілер үлкендерге сәлем беріп, жақсылық пен құт-береке тілеп жатты. Ал оқушылар пейілі дархан, көңілі кең, қазақ халқының дәстүріндегі қыз бен жігіт айтысын, қызға сырға салу, сәбиді бесікке бөлеу, тұсаукесер рәсімдерін көрсетті.
Ерғожа Тілепбердиев, Жазушылар одағының мүшесі:
Балаладың өнері керемет. Шара өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған.
Наурыз - жыл басы, Ұлыстың ұлы күні. Жер арқасы кеңіп, күллі тіршілік әлемі қайта түлейтін табиғат берекесі. №50 мектептің оқушылары жыл сайын Наурызды осылай думандатып қарсы алады.
Ләззат БЕКТАС
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шекарадағы өткізу бекеттері жаңартылды
23.09.2026, 20:30
Азия ойындары: Қоржындағы медаль саны 19-ға жетті
23.09.2026, 20:28
Қытайда халықаралық «Жібек жолы» кинофестивалі өтті
23.09.2026, 20:26
Жетісу облысында үш экопарк ел игілігіне берілді
23.09.2026, 20:24
Астанада HackAlem AI хакатоны өтті
23.09.2026, 20:22
Бурабайда тау туризмі дамып келеді
23.09.2026, 20:20
Елордада бірыңғай дизайн-код бекітілді
23.09.2026, 20:18
Перзентхана мен әуежайдың ұшу-қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді
23.09.2026, 20:16