Ауғанстанда әйелдер теңдікті талап етіп шеруге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауғанстанда әйелдер теңдікті талап етіп шеруге шықты

28.12.2021

Кабулде ондаған әйел наразылық шеруіне шығып, теңдікті талап етті. Олар орталық көшелерден жүріп өтіп, «Мектептер неге жабылды?», «Біз азық-түлік, жұмыс, білімді қалаймыз!» деп ұрандатты.

Демонстрацияның басталуына үйлерінен 72 шақырым ұзаған әйелдердің жанында отбасынан бір ер адам болуы керек деген қаулы себепші. «Сонда жесірлер не істеуі керек», - дейді шерушілердің бірі.

Манифестанттардың айтуынша, Ауғанстандағы қыз-келіншектер 20 жыл бұрынғыдай емес. Бүгінде олар айтарлықтай білімді болғандықтан, үнсіз отыра алмайды.

«Талибан» болса, қыз балаларды мектептерге қайтару жолында жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді. Ал батыс бұл мемлекетте әйелдердің білім алуына, жұмыс істеуіне рұқсат берілмесе, ауыр экономикалық дағдарысқа душар болған Ауғанстанның шетелдегі миллиардтаған долларын қайтармайтынын ескертіп келеді.


Хабарламаларға жазылу