Алматы облысында 17 көліктің соғылуына жол бергендер жазаланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында 17 көліктің соғылуына жол бергендер жазаланады

27.12.2021

Алматы облысында ірі көлік апатына жол берген тұлғалар қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін. Бұл жөнінде облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Естеріңізге сала кетейік, сенбі күні таңғы 10дар шамасында қалың тұман мен көктайғақ салдарынан Алматы-Қорғас тас жолында 17 көлік соғылып, 5 адам ауруханаға түскен болатын. Оқиғаның мән-жайын зерделеген тәртіп сақшылары осы жолға қызмет көрсететін, қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жауапты тұлғалар үстінен іс қозғады.

Көктайғақ салдарынан 4 көлік соғылып қалды

Сондай-ақ, өткен түнде ауа-райының қолайсыздығынан Түркістан облысында да 4 бірдей көлік соғылып қалды. Салдарынан екі адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Жол апаты Шымкент-Самара тас жолының 135-шақырымында болды. «Мерседес-Бенц» маркалы жүк көлігі мен «Daewoo Nexia»- мен соқтығысып, артынша оларға «ВАЗ 2105» Ресей автокөлігі мен «Toyota-camry» маркалы көліктері соғылған. Аталған дерек бойынша жол апатына кінәлі деп танылған «Мерседес Бенц» жүргізушісіне хаттама түзілді.


Хабарламаларға жазылу