Батыс Қазақстанда 2 мыңнан астам абонент жарықсыз қалды
Батыс Қазақстанда ақтүтек боранның салдарынан екі мыңнан аса абонент жарықсыз қалды. Зачаган кенті мен Орал қаласының біршама бөлігіне электр қуаты әлі берілген жоқ. 20-ға тарта ауылда үзілген желілер жөнделіп жатыр. Жерасты суын тартатын гидронысан істен шығып, 16 мыңа тарта тұрғын судан қағылды. Қатты желдің кесірінен бірнеше ғимараттың шатыры ұшты. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Коммуналдық мекемелер түннен бері жолдарды қардан тазартып жатыр.
Азамат Жұмабаев, қалалық электр желілері мекемесі басшысының орынбасары:
Қазір 50 өтініш түсті. Сағат сайын көбейіп отыр. Негізінен жеке секторлар жарықсыз отыр. Қалпына келтіріп жатырмыз. Электр сымдарының үзілуі қардың қалың түсіп, еруінен болды.
Ардак Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өскеменде Ұлттық киім шеруі өтті
19.03.2026, 13:27
Ресей және Беларусь елшілері Наурыз мейрамымен құттықтады
19.03.2026, 13:24
Бала асырап алу ережелері өзгерді
19.03.2026, 13:18
Мемлекет есебінен 3,6 миллион адам ақысыз дәрі-дәрмек алады
19.03.2026, 13:15
Британияда менингитке қарсы вакцина салынып жатыр
19.03.2026, 13:12
Трамп әлемдегі ең ірі газ кенішін бомбалайтынын ескертті
19.03.2026, 13:09
Сарапшы: Қазақстан тұрақты даму стратегиясын халықаралық аренада сәтті жүзеге асырған мемлекет
19.03.2026, 13:06
Қазақстан экономикасы үздік 40 ел қатарында
19.03.2026, 13:03