Батыс Қазақстанда «Омикрон» штамы анықталмады
Батыс Қазақстан облысында «Омикрон» штамы анықталмады. Дегенмен өңірге Мысыр, Ұлыбритания, Италия, Германия, Чехиядан келген 116 азамат медициналық бақылауға алынды. Өйткені жаңа штамм осы елдермен қатар өзге де 106 мемлекетте таралған. Облыс 5 аймағымен шектесетін Ресейде 41 адам осы дертке шалдыққан. Жалпы өңір «жасыл» аймақта, ауру жұқтыру көрсеткіші 2,2 есеге азайған.
Айта кетейік, бүгін таңертең аймаққа жаңа штамның жеткені туралы ақпарат тараған еді.
Гүлдана Кереева, облыстық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
Облыс аумағында бүгінгі таңда «омикрон» тіркелген жоқ. Бұл штамның жаңа нұсқаларын уақытылы анықтау маңыздылығын ескере отырып, Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық сараптама орталығына COVID-19 бар науқастардан оң нәтиже үлгілері жіберілді. Нәтижесі әлі белгісіз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындарының жеңімпаздары елге оралды
05.10.2026, 10:10
Ұлттық құрама Азия ойындарында 84 медаль жеңіп алды
05.10.2026, 10:05
Шығыста күн райы күрт бұзылды
05.10.2026, 10:03
Almaty SuperSki жобасы аясында 2 мың шырша отырғызылды
05.10.2026, 10:03
Елімізде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
05.10.2026, 10:03
Astana AI Film Festival байқауының жеңімпаздары анықталды
05.10.2026, 10:02
AI & Digital Bridge 2026 халықаралық форумы қорытындыланды
05.10.2026, 10:01
Қазақстанға Оман Сұлтаны мемлекеттік сапармен келеді
05.10.2026, 10:00