Түркияның «Turkovac» вакцинасы жаһан елдеріне жеткізілмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияның «Turkovac» вакцинасы жаһан елдеріне жеткізілмек

23.12.2021

Түркияның Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы жергілікті вакцинаны шұғыл жағдайларда қолдануды мақұлдады. Ведомство басшысы Фахреттин Коджаның мәлімдеуінше, жақында «Turkovac» екпесі жаппай шығарылып, жаһан елдеріне жеткізіледі.

Қазір препарат елдің Шанлыурфа провинциясындағы кәсіпорында жасалып жатыр. Кейбір зерттеулерге сай, жаңа вакцинаның тиімділігі жоғары екені дәлелденді.

Айта кетсек, Түркия осы кезге дейін өз азаматтарына «Sinovac» және «Pfizer» екпелерінің 125 млн-нан астам дозасын салған.

Арай Төлегенқызы


Түркия

Хабарламаларға жазылу