«Омикрон» штамы әлемнің 77 елінен анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Омикрон» штамы әлемнің 77 елінен анықталды

15.12.2021

«Омикрон» жаһан елдеріне тез тарап жатыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осылай деп мәлімдеді. Органның хабарлауынша, коронавирустың аталған жаңа штамы әлемнің 77 елінен табылған. Ал ұйым басшысы Тедрос Гебрейесус болса, «омикрон» бұдан да көп елде бар, дегенмен әлі анықталмаған болуы мүмкін деп мәлімдеді. Айтуынша, вируспен күрес жеткілікісіз түрде жүріп жатыр. Бұған қоса, жаңа штамның тарауы тағы да денсаулық сақтау саласына ауыр салмақ түсіруі мүмкін екенін ескертті. Айта кетсек, «омикрон» алғаш рет қарашада Оңтүстік Африка Республикасында табылып, әлем елдеріне тарап кетті. 

Хабарламаларға жазылу