«Pfizer» вакцинасының 379 мың дозасы Алматыға жеткізілді (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Pfizer» вакцинасының 379 мың дозасы Алматыға жеткізілді (ВИДЕО)

11.11.2021

Қазақстанға «Pfizer» вакцинасы жеткізілді. Коронавирусқа қарсы екпенің 379 мың дозасы тиелген ұшақ кеше Алматы халықаралық әуежайына қонды.

Вакцина келмей тұрып, -90 градус температурада сақтауға болатын тоңазытқыштар дайындалған. Екпенің 46 мың дозасы Алматыда қалса, қалғаны басқа өңірлерге таратылады. Жалпы, препараттың 4 миллион 230 мың дозасын сатып алу жоспарланған. Қалған партия бірнеше күннің ішінде шетінен жеткізілмек.

Еске салайық, Денсаулық сақтау министрлігі балаларды, жүкті және бала емізетін әйелдерді коронавирусқа қарсы екпемен қамтамасыз ету мақсатында «Pfizer» вакцинасының сатып алынғанын хабарлаған еді. Бұл 2 млн 115 мың адамға салуға жетеді.

Жазира Оразқызы


Pfizer вакцина Алматы Коронавирус

Хабарламаларға жазылу