22.12.1991 жыл: ТМД – жаңа мүмкіндіктер кеңістігі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

22.12.1991 жыл: ТМД – жаңа мүмкіндіктер кеңістігі

22.12.2021

1991 жыл, 22 желтоқсан. Қазақ елі тәуелсіздігін жария еткеніне 6 күн болды. Күні кеше ғана Алматыда бұрынғы одақтас 11 республика басшылары қол қойған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына бүкіл әлемнің назары ауды. Халықаралық аренадағы белді саясаткерлер құжат тарихи әрі ең ұтымды қадам деді.

Қазақстанда қабылданған шешім Кеңес Одағының қантөгіссіз ыдырауына ықпал етті. Бұл - шетелдік саясаткерлердің "Алматы декларациясына" берген бағасы. Сарапшылар ендігі кезекте халықаралық шарттар мен құқықтық нормаларды сақтауға басымдық берудің маңыздылығы артты деді.

«Франция «Алматы декларациясының» қорытындысын жылы қабылдайды. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуы бұрынғы Одақ аясында аласапыран оқиғалардың алдын алды. Франция республикалар халқына қиын кезеңдерді еңсеру үшін қолдау көрсетуі тиіс".

Қазақстанның сыртқы саясаты өзге елдермен сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен ерекшеленді. Сайып келгенде, Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған ТМД дербес республикалар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашты.

Болат Нұрғалиев, ҚР СІМ жанындағы сыртқы саяси зерттеулер институтының басқарма төрағасы:

«Елбасымыздың дарындылығы, көзқарасы өте үлкен салмақ қосты сол шешімге. Мен ол кезде Делиде жұмыс істегенмін. Біз де сол бәрін байқадық қалай болатынын. Қазіргі биіктен артқа қарасақ, бәрі ойдағыдай өтті.

Ұлыбритания Сыртқы Істер министрілігі болса Алматыда өткен келіссөздерді егжей-тегжей зерделеудің қажеттілігін атап өтті. Қорыта айтқанда, ТМД Кеңес Одағының бейбіт жағдайда ыдырауына ықпал етті. Оған мүше республикалардың көкжиегін кеңейтті.

Бақытжан Жұмағұлов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

«Мұны әлем қолдады. Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлының ұсынысымен ШОС та құрылды, СВМДА да, СНГ да, басқалары да құрылды. Елдің ішінде талай талантты адамдар бар. Бірақ Назарбаевтай басшы ғасырда, мың жылда бір туады деп өзім солай ойлаймын».

Лондон бұрынғы Кеңес Одағының қарулы күштерді бақылау, адам құқықтарын сақтау мен сыртқы қарыздарды өтеу сынды негізгі міндеттері орындалуы тиіс деп мәлімдеді.

Дарын Сағитов


Хабарламаларға жазылу