Малайзияда су тасқынынан 14 адам қаза тапты
Малайзияда алапат тасқын құрбандарының саны 14-ке жетті. Мұнда өткен апта соңында төпелеп жауған жаңбырдан сегіз штатты топан жайлап, бірталай қалашық пен ауыл жартылай суға кеткен. Сонымен қатар, талай адам жоғалып кеткендіктен, қаза тапқандар көбеюі мүмкін. Ал, 51 мыңдай тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Жергілікті үкімет болса, апатқа баяу жауап берді деп үлкен сынға ұшырап отыр.
Ел астанасы Куала-Лумпурдың бір бөлігін де тасқын жайлаған. Мұнда да су деңгейі 1971 жылғы тасқыннан бері мұнша көтерілмеген екен.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Кітапхана түні – 2026» шарасы өтті
23.10.2026, 10:25
Түркі әлемінің ортақ мұрасы: «Түркістан» энциклопедиясы жарық көрді
23.10.2026, 10:22
Ресейде жалған сертификаттарға қарсы күрес күшейтіледі
23.10.2026, 10:17
Алтын шикізатын шетелге заңсыз шығармақ болғандар ұсталды
23.10.2026, 10:15
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
23.10.2026, 10:14
Қытайда жер сілкініп, 16 адам қаза тапты
23.10.2026, 10:13
Қар құрсауында қалған 7 адам құтқарылды
23.10.2026, 10:12
7 жылда әлеуметтік салаға 88 трлн теңге бөлінді
23.10.2026, 10:10