«Алтын домбыра» иегері анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Алтын домбыра» иегері анықталды

13.12.2021

Азаттыққа арналған аламан айтыста «Алтын домбыра» иегері анықталды. Ол елдің ықыласында жүрген, азулы ақын – Бекарыс Шойбеков. Бұдан бөлек жыр бәйгесінде бәсі биік Еркебұлан Қайназаров бірінші орын мен «Айтыстың ақтаңгері» төсбелгісін алды. Екі күн қатарынан өткен «Тәуелсіздік – қасиетім, қастерлім!» республикалық додаға «Nur Otan» партиясы қолдау танытқан. 11 жұп көрерменді өрелі өнері мен өрнекті сөзімен сусындатты. Егемендік еңсерген үлкен істер мен соның жолында аянбай күрескен тұлғалар туралы толғатты.

Бауыржан Байбек, «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары:

Ең басты құндылығымыз – Тәуелсіздік. Тәуелсіздіктің арқасында біздің тіліміз, діліміз, төл мәдениетіміз – айтыс өнері дамып келе жатыр. Елбасы  «Мәдени мұра» бағдарламасын бастады. Қаншама мәдениет ошақтары жөндеуден өтті. «Ұлы даланың 7 қыры», «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жүзеге асырылды. «Nur Otan» халықтық, Тәуелсіздіктің партиясы ретінде әрқашан руханиятымызды, отбасымызды, төл мәдениетімізді, дәстүрлі музыканы біз қолдаймыз.


Хабарламаларға жазылу