Биылғы «Алтын домбыра» иегері 16 желтоқсанда анықталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биылғы «Алтын домбыра» иегері 16 желтоқсанда анықталады

10.12.2018

Бұл туралы айтулы аламанға орай өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, биылғы сөз додасына 20 ақын қатысады. Осалы жоқ. Барлығы жыл бойы өткізілген республикалық айтыстарда олжа салған оғландар. Арасында алтын домбыраның екі дүркін иегері Мұхтар Ниязов пен Аспанбек Шұғатаев бар. Ұшқыр ой мен кестелі сөз сайысы 16-желтоқсан күні «Қазақстан» Орталық концерт залында сағат 15:00-де басталады. Осымен жетінші рет өткелі отырған «Алтын домбыра» аламаны Астананың 20 жылдығына арналады.

Жүрсін Ерман, Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының басқарма төрағасы:

Ақындарға тереңге бойлап айтыңдар деп жатырмыз. Ұлы халық екенімізді, ұлы өркениетке қандай үлес қосқанымызды, біздің ұрпақтарымыздың алдында қандай ұстын, үлгі бар екенін, ендігі ұрпағымыз кім болу керек екенін айтады. Ақынның сөзін қазақ жақсы ұғынады. Жазудан, сызудан гөрі құлақпен жақсы естиді.

 

Досымжан ЕРМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу