«Алтын домбыра» жеңімпазы анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Алтын домбыра» жеңімпазы анықталды

13.11.2023

Биыл «Алтын домбыраны» жеңіп алған қарағандылық ақын – Мақсат Аханов.

Бірінші орынды қызылордалық Мейірбек Сұлтанхан иеленсе, екінші орын павлодарлық Аспанбек Шұғатайға бұйырды. Ал үшінші орынды ұлытаулық Төлеген Жаманов пен Батыс Қазақстан облысынан келген Жансая Мусина өзара бөлісті. Екі күнге созылған аламан айтысқа елімізге белгілі 8 жұп қатысты. «AMANAT» партиясы ұйымдастырған доданың тақырыбы еңбек адамына арналды.

Дәулет Кәрібек, «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы:

Есілдің жағасында екі күн бойы өте тамаша айтыс болды, ерке айтыс болды, естияр айтыс болды. Осы екі күн бойы айтыстың барлығы еңбектің айналасында болды. Өздеріңіз білесіздер, Мемлекет басшысы да еңбек адамының рөлі туралы айтты. Біздің 16 хас ақынымыз айтыстың өте жақсы үлгісін көрсете білді. Шындықты да айтты, мәселені де айтты, береке бірлікті де айтты.

Тәуірбек Бозекен


Хабарламаларға жазылу