Нанкинде алғашқы алтын медальдың иегері анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нанкинде алғашқы алтын медальдың иегері анықталды

17.08.2014
Нанкинде алғашқы алтын медальдың иегері анықталды

Қытайдың Нанкин қаласында басталған жасөспірімдердің II Жазғы Олимпиадалық ойындарының алғашқы медальдар жиынтығы сарапқа салынды.

Алғашқы «алтынды» австралиялық триатлоншы қыз Бриттани Даттон қанжығасына байлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Даттон үш түрлі қашықтықты 59 минут 56 секундта көктей өтті. Мәреге екінші болып жеңімпаздан 37 секундқа артта қалған АҚШ өкілі Стефани Дженкс келді. Үшінші орын тұғырына француз қызы Эмили Морье көтерілді.

Алғашқы алтын медаль иегерін Халықаралық Олимпиадалық комитеттің президенті Томас Бах арнайы  құттықтады.

Хабарламаларға жазылу