Қанат Бозымбаев «Алтын домбыра» иегері Аспанбек Шұғатаевпен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қанат Бозымбаев «Алтын домбыра» иегері Аспанбек Шұғатаевпен кездесті

22.12.2015
Қанат Бозымбаев «Алтын домбыра» иегері Аспанбек Шұғатаевпен кездесті

Павлодар облысының әкімі «Тәуелсіздікке тағзым» айтысының жеңімпазы, «Алтын домбыра» иегері Баянауыл ауданының тумасы Аспанбек Шұғатаевпен кездесті, деп хабарлады Павлодар облысы әкімдігінің ресми сайты.

Кездесу барысында Қанат Бозымбаев Аспанбекті жеңісімен құттықтап, бұдан әрі де жеңіске жете беруге тілектес екенін айтты. Еске сала кетейік, биылғы жылы Аспанбек Шұғатаев Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ұйымдастырылған «Мәңгілік ел» халықаралық ақындар айтысында 2,5 миллион теңге жеңіп алған. Бұдан басқа, республикалық «Азаттықтың алтын бесігі» айтысының жеңімпазы атанып, бас жүлдеге автокөлік олжалаған болатын.

 

Хабарламаларға жазылу