Италияда жарылыс құрбандарының саны 7-ге жетті
Италияда газ жарылып, бірнеше ғимарат құлағанда қаза тапқандардың саны 7-ге жетті. Құрбандардың ішінде осы айда босануы тиіс болған жүкті әйел бар. Тағы 2 тұрғын жоғалып кеткен.
Қайғылы оқиға Сицилия аралындағы Равануса қаласында болды. Жергілікті басшылықтың мәлімдеуінше, екі үй толық қирап, бірнешеуі жартылай зақымданған. Қазір құтқарушылар жоғалып кеткендерді іздестіріп жатыр.
Үйінділер астынан екі адам тірі табылды. Газдың неге жарылғаны белгісіз. Қазір тергеу жүріп жатыр.
София Романо, жергілікті сақтандыру агенттігінің қызметкері:
Эмоционалдық деңгейде бүкіл қала толығымен жойылды деуге болады. Енді басқа ештеңе ойлай алмаймыз. Рождество тойланбайды. Өйткені оны мерекелейтін көңіл күй жоқ бізде.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Кітапхана түні – 2026» шарасы өтті
23.10.2026, 10:25
Түркі әлемінің ортақ мұрасы: «Түркістан» энциклопедиясы жарық көрді
23.10.2026, 10:22
Ресейде жалған сертификаттарға қарсы күрес күшейтіледі
23.10.2026, 10:17
Алтын шикізатын шетелге заңсыз шығармақ болғандар ұсталды
23.10.2026, 10:15
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
23.10.2026, 10:14
Қытайда жер сілкініп, 16 адам қаза тапты
23.10.2026, 10:13
Қар құрсауында қалған 7 адам құтқарылды
23.10.2026, 10:12
7 жылда әлеуметтік салаға 88 трлн теңге бөлінді
23.10.2026, 10:10