Шығыс Қазақстанда Наурыз мейрамы 7 күн бойы тойланбақ
Шығыс Қазақстанда Наурыз мейрамы 16-22 наурыз аралығында 7 күн бойы тойланбақ. Бұл туралы облыстық Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Ернұр Бурахан мәлімдеді.
«Халық Наурыз мейрамы көл-көсір көңілмен тойланса, жыл да сәтті өтеді деп жорыған. Шығыс Қазақстан облысында түркі халқына ортақ Ұлыстың ұлы күні мерекелік іс-шараны салт-дәстүрлер мен ұлттық тағамдар, салт-жоралар, мерекелік кештер қыздыра түспек.
Алғашқы «Өніс» және «Қамқорлық» күндері облыс әкімшілігі перзентханалар, балалар мен қарттар үйін араламақ. Содан кейін ауыл еңбеккерлерін, соғыс және еңбек ардагерлерін құттықтайды. «Тазару» күнінде көшелер мен ауланы тазалау жоспарлануда - бұл да түркі халықтары дәстүрлерінің бірі.
Төртінші «Ынтымақ» күні аймақ тұрғындары этно-мәдени бірлестіктердің мерекелік концертін тамашалайды, сондай-ақ, бұл күні салтанатты рәсім өтетін жерге мерекенің көркі - «Алтыбақан» орнатылмақ.
Ал мерекені жаппай тойлау 20 наурыз - «Ырыс күні» жәрмеңкесімен жалғасады. Алтыншы «Шаттық» күні қызықты байқаулар мен айтыстар ұйымдастырылады. Таң шапағын ақ тілекпен қарсы алуды жоспарлаған өңір жастарына «Алтыбақан», «Айқұш-ұйқыш», «Айсерек-көксерек», «Алқақотан» ұлттық ойындары өткізіледі», - дейді Е.Бурахан.
Ал басты мереке «Ұлыстың ұлы күні» - 22 наурызда өтеді. Бұл күні қала тұрғындары мен қонақтары мерекенің басты тағамы - наурыз көженің дәмін татады.
Ол сондай-ақ, қала тұрғындарының ең үздік киіз үй байқауына қатысып, ұлттық ойындар мен жарыстарға жанкүйер болып, мерекелік іс-шараларды тамашалай алатынын да атап өтті.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада дрон-футбол сайысы өтті
17.03.2026, 17:39
Таразда «Денсаулық» саябағын тазалады
17.03.2026, 17:37
Қостанай облысы тасқынның алдын алу шараларын жүргізуде
17.03.2026, 17:35
СҚО-да мұз жарып жатыр
17.03.2026, 17:33
ІІМ: Сталкинг бойынша 51 іс сотқа жолданды
17.03.2026, 17:30
«Аңсаған сәби»: 11 мыңнан аса сәби дүниеге келген
17.03.2026, 17:27
Абай облысында алпыстан аса жаңа нысан пайдалануға берілген
17.03.2026, 17:24
Израиль Ливанға жойқын соққы берді
17.03.2026, 17:21