Алматы облысында түйе сүтін өңдейтін кәсіпорын ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында түйе сүтін өңдейтін кәсіпорын ашылды

02.12.2021

Тұңғыш Президент күніне орай Алматы облысында түйе сүтін өңдейтін жаңа кәсіпорын ашылды. Зауыттың қуатты жұмыс істеуіне 1 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылды. 25 адам жұмыспен қамтылды.

Жаңа зауыт тәулігіне 20 тонна түйе сүтін өндіреді. Одан 1 тонна құрғақ ұнтақты сүт, пастерленген сүт және йогурт шығарады. Кәсіпорынның өніміне әлден Қытай елі қызығушылық танытып отыр. 5 мың түйе бағып отырған шаруаның алдағы жоспары орасан.
Сыдық Дәулет,    зауыт директоры:
Осы жерден түйе етін өңдейтін зауыт, сосын жүнінен киімдер тоқитын оңтүстіккореялық технологиямен үлкен фабрикалар салынады. Сондай-ақ косметика, бет май шығаратын үлкен фабрикалар ашылады.
Ақши ауылы тұтас индустриалды аймаққа айналмақ. Жалпы Іле ауданы инвестиция тартудан өңірде көш бастап тұр.
Бағдат Қарасаев,   Іле ауданының әкімі:
11 айдың қортындысы бойынша 100,3 млрд теңге инвестиция ауданға тартылды. 15 осындай өнеркәсіп саласында өңдеу кәсіпорындары ашылды. 12 орта, ірі кәсіпорындар өздерінің қызметтерін, өндірістерін кеңейтті.
Жаңа кәсіпорын әлеуметтік жауапкершілік мәселесін де қалыс қалдырған жоқ. Үшем дүниеге келген көпбалалы отбасыға жаңа үй салып берді.
Ақерке Айтжанова,    Ақши ауылының тұрғыны:
Пәтерде тұрдым. Үшем босанғаннан кейін әкімшілікке бардым. Салып берген кісіге рахмет айтамын.
Аудан және облыс орталығынан шалғай орналасқан ауылдың келешегі зор. Елдімекенде тағы бірнеше кәсіпорын ашылып, жергілікті халық жұмыспен қамтылмақ.

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу