Талдықорғанда «Көшбасшы-2021» сыйлығы табысталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда «Көшбасшы-2021» сыйлығы табысталды

30.11.2021

Тұңғыш Президент күні қарсаңында Талдықорғанда облыс әкімінің жыл сайынғы «Көшбасшы - 2021» жастар сыйлығы табысталды. 19-шы рет ұйымдастырылып отырған байқауда Жетісу өңірінде әр салада еңбек етіп, жетістікке жеткен жастар марапатталды. Өз ортасында көшбасшы болуға биыл кімдер лайық деп танылды? Өңірдегі тілшіміз Қуаныш Қанатұлының сюжеті.

Полиция қызметкері Бауыржан Қабидолланов биыл өртеніп жатқан үйден қарияны алып шығып, өмірін сақтап қалды. Қоғамдық тәртіп орнатудағы мінсіз қызметі еленіп, «Көшбасшы-2021» жастар сыйлығының үздік жас батыр номинациясын иеленді.

Бауыржан Қабидолланов, «Көшбасшы-2021» сыйлығының иегері:
Қиындыққа да бәріне төзуге дайынмын. Менің бұл - міндетім, абыройым. Халыққа адал қызмет етуге ант бергем.

Ал жас тілші Кәмшат Мұхамеджанның журналистика саласында қызмет ете бастағанына биыл бар-жоғы - 5 жыл. Бірақ ол осы қысқа уақыт ішінде өз ортасында топ жарып, үздіктер қатарынан көрінді.

Кәмшат Мұхамеджан, «Көшбасшы-2021» сыйлығының иегері:
Көшбасшы болу үшін, көшбасшының жүлдесін алу үшін әрбіз жас еңбектену керек, талпыну керек. Өзінің саласында тыңнан түрең салып дейді. Сондай жас болу керек.

19-шы рет ұйымдастырылып жатқан байқауда 20 номинация тағайындалды. Қатарларында үздік жас спортшы, әдебиетші, кәсіпкер, мұғалім мен дәрігер де бар. Жастарды ынталандыру, биік асулар алдында жігерлендіру шарасы келер жылы да жалғасын таппақ. Ал жетісулық көшбасшылар құрметіне елге танымал жұлдыздар өнер көрсетті.

Қуаныш Қанатұлы


Хабарламаларға жазылу