Испания жағалау күзеті Атлант мұхитында 400-ден астам мигрантты құтқарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Испания жағалау күзеті Атлант мұхитында 400-ден астам мигрантты құтқарды

24.11.2021

Испания жағалау күзеті Атлант мұхитында 400-ден астам мигрантты құтқарып, Канар аралдарына жеткізді. Босқындар Батыс Африкадан Еуропаға адам тым көп мінген және қауіпті қайықтармен жетпек болды.

Құтқарылғандардың ішінде әйелдер мен балалар бар. Оларды кемемен жағалауға апару үшін суда екі күн бойы операция жүргізілді.

Адам саудагерлері мигранттарды Испанияға Марокко, Батыс Сахара, Мавритания, Сенегнал және Гамбиядан көбінесе апатты жағдайдағы қайықтарға отырғызып жібереді. Осы жолдармен биыл Канар архипелагына 18 мыңдай адам жетіп, 900-і жолда қаза тапқан немесе жоғалып кеткен.


Хабарламаларға жазылу