Испанияда 44 мигрант құтқарылып, біреуі қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Испанияда 44 мигрант құтқарылып, біреуі қаза тапты

18.10.2021

Испанияның жағалау күзеті Атлан мұхитында 44 мигрантты құтқарып, оларды Канар аралдарына жеткізді. Босқындардың барлығы – Мағриб аймағынан. Алайда олардың қай мемлекеттің азаматы екені әзірге белгісіз. Бір мигрант қаза тапты. 

Испания ішкі істер министрлігінің дерегінше, қыркүйектің 30-на дейін ел жағалауына теңізбен 13 мыңнан астам адам жетіпті. Бұл – өткен жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштен екі есеге жоғары. Ал 2020 жылы Испанияға мұхитпен барған мигранттар саны 2019 жылдың статистикасымен салыстырғанда 8 есеге көбейіп, Канар архипелагында шиеленісті күшейткен.


Хабарламаларға жазылу