Испания жағалау күзеті 100-ден астам мигрантты құтқарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Испания жағалау күзеті 100-ден астам мигрантты құтқарды

22.11.2021

Испания жағалау күзеті Канар аралдары жағалауынан үш бірдей қайыққа мінген мигранттарды құтқарды. Еуропаға бет алған шетелдіктердің арасында 7 әйел мен бір бала бар. Олардың барлығы Аргинегин портына жеткізілді. Босқындар Батыс Африкадан шыққан. «Рейтердің» мәліметінше, биылғы қаңтар-қыркүйек аралығында Канар аралдарына 13 мыңнан астам афроамерикалық барған. Бұл -2020 жылмен салыстырғанда екі есе көп.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу