Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында Х Азаматтық форумы өтіп жатыр
«Қоғам мен мемлекеттің тұрақты дамуы мүддесіндегі әріптестіктің 30 жылы». Осындай атаумен Қазақстанның 10-шы Азаматтық форумы басталды. Жиынды Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева ашты. Ол өз сөзінде Азаматтық форумның жұмысы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын қорытындылауға арналған маңызды оқиға екенін атап өтті. Елімізде бұл сала Орта Азиядағы ең дамыған қоғамдық институтқа айналған. Жыл сайын қазақстандық «үшінші сектордың» қатары орта есеппен 150 жаңа қатысушымен толығып отыр. Азаматтық форум жалпыұлттық сипатқа ие. Ол халық пен билік арасындағы кері байланыстың тиімді механизміне айналды. Форум Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 5 күн бойы онлайн және офлайн форматта өтеді.
Аида Балаева, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:
Биылғы жылдың тарихи мәні де, саяси мазмұны да біз үшін ерекше. Егеменді ел үшін де 30 жылдың мерейлі межесін табысты бағындырып отырмыз. Ол біз үшін өткенге есеп беріп, бүгінімізді таразылып, ертеңімізді бағамдайтын кезең. Ал, ел тәуелсіздігінің жетістігін азаматтық секторсыз елестету мүмкін емес.
Ғабит Бөкенбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
HackAlem AI қатысушылар саны бойынша әлемдік рекорд орнатты
24.09.2026, 09:43
Шекарадағы өткізу бекеттері жаңартылды
23.09.2026, 20:30
Азия ойындары: Қоржындағы медаль саны 19-ға жетті
23.09.2026, 20:28
Қытайда халықаралық «Жібек жолы» кинофестивалі өтті
23.09.2026, 20:26
Жетісу облысында үш экопарк ел игілігіне берілді
23.09.2026, 20:24
Астанада HackAlem AI хакатоны өтті
23.09.2026, 20:22
Бурабайда тау туризмі дамып келеді
23.09.2026, 20:20
Елордада бірыңғай дизайн-код бекітілді
23.09.2026, 20:18