Алматыда тәуелсіз елдің тарихи жетістіктері талқыланды
Алматыда «Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы – саяси тұрақтылық пен экономикалық өркендеудің негізі ретінде Нұрсұлтан Назарбаевтың құқықтық моделі» атты халықаралық конференция өтті. Жиынға қатысушылар егемен елдің қалыптасуы мен даму үдерістеріне тоқталды. Сондай-ақ қоғамның құқықтық жүйесін, Қазақстанның халықаралық кеңістіктегі айрықша рөлін талқылады. Конференцияда сөз сөйлеген мамандар: мемлекет болашағын айқындаған батыл бастамалар Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салмақты саясатының арқасында жүзеге асқанын атап өтті. Ал басқосуға қатысқан халықаралық сарапшылар: тәуелсіз елдің азаматтық қоғам құру, қоғамдық келісім орнатудағы үздік үлгісіне жоғары баға берді.
Зухту Арслан, Түркия конституциялық сотының төрағасы:
Биыл Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтеді. Бірінші кезекте бауырлас елді осы мерейлі мерекемен құттықтаймын. Аз уақыт ішінде Қазақстан үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Әлем жұрты сіздерді демократиялық, зайырлы, әлеуметтік және құқықтық мемлекет ретінде таниды. Қос мемлекеттің берік байланысы жыл сайын нығая береді деген сенімдемін.
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы Алғыс айту күнімен құттықтады
01.03.2026, 20:33
Дәрігерлердің науқасты онлайн қабылдауы дұрыс па?
01.03.2026, 20:09
Субсидия: Жүйенің тиімсіз тұстары қандай?
01.03.2026, 20:08
Жаңа Ата заң жобасы: Адвокаттар құқығы қалай қорғалады?
01.03.2026, 20:06
Қазақстан-Сербия: 10-ға жуық құжатқа қол қойылды
01.03.2026, 20:04
Таяу Шығыстағы шиеленіс: Иранда уақытша көшбасшы тағайындалды
01.03.2026, 20:03
Жасыл желектің үлесі артады
28.02.2026, 20:17
Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл
28.02.2026, 20:16