Жаңа Ата заң жобасы: Адвокаттар құқығы қалай қорғалады?
Жаңа Конституция жобасы. Адам құқығына қатты мән берілді деп отыр. Мысал ретінде адвокат рөлінің күшейтілгені айтылды.
Адвокат қызметі жазылған 86-бап не дейді?
Біздің мемлекетте адвокаттардың толыққанды және айып тағушы жақпен тең дәрежеде жұмыс істей алмайтынын білеміз. Қамалған айыпталушымен жеке-дара кездесу оңай емес. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері отырып алады. Тіпті жүздестірмей қоятыны бар... Адвокаттық қызметке кедергі келтіргендер қатаң жазаланбайды.
Қылмыстық кодекстегі жазаны өмірде қолдану мүмкін емес дейді адвокаттардың өздері. Прокурорлар іс туралы ашық айта алады. Адвокаттардан алдын ала ештеңе айтпауға қолхат жаздырады. Мемлекеттік құпия, жеке өмір сияқты тыйым салынған тақырыптар түсінікті.
Бірақ өмірде бәрін де құпия қылып қояды. Адвокаттардың материалдарды тергеу біткеннен кейін алатыны – ол бір мәселе. Мемлекет ұсынатын адвокаттардың қызметі сапасыз. Себебі ақысы мардымсыз. Өстіп кете береді.
Аманкелді Сейтхан, тілші:
Адвокатура инстиутының конституцияға енгізілуі тек адвокаттар мәртебесін көтеру емесжалпы азаматтар құқығын қорғауға жасалған маңызды қадам, - дейді заңгерлер. Себебі адвокаттың міндеті азаматтар құқығын қорғау. Сондықтан олардың рөлін күшейту көптен қозғалып жүрген.
Тастемір Әбішев, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары:
Адам құқықтары жөніндегі комиссия президенттің жанындағы 12 жылдан астам осы адвокатура институтының мәртебесін көтеру туралы бірнеше комиссияның отырыстарын өткізгенбіз.
Аманкелді Сейтхан, тілші:
Адвокаттар қазір біздің құқығымыз айыптаушы тараппен тең емес, - деп есептейді. Ол қандай жағдайларда байқалатынын былай түсіндіреді.
Жандос Тұяқов, адвокат:
Біз неге тепе-теңсізбіз деп санаймыз. Өйткені адвокат қылмыстық іс бойынша тек өзінің қорғап жатқан азаматының яғни жауаптарымен танысуға мүмкіндігі бар. Ал прокурордың, тергеушінің алдында істің бүкіл мән-жайы жатады. Әрине, ол айыптаушы орган ғой. Ол азаматты ақтайтын құжаттарды немесе дәлелдемелерді іске қоспауы мүмкін.
Аманкелді Сейтхан, тілші:
Тағы бір маңызды мәселе, адвокаттардыңдәлелжинауына кедергі көп. Оған қоса олардың үстінен кез келген полиция бөлімшесінің тергеушісі қылмыстық іс қозғай алады.
Тастемір Әбішев, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары:
Мысалы, тараптардың жарыспалылығын, теңдігін сақтау үшін адвокаттардың үстінен қылмыстық істі ең кемінде аудан прокурорлары мен аудандық Ішкі істер басқармасының бастығы ғана қозғауы керек деп санаймыз.
Аманкелді Сейтхан, тілші:
Оның себебі заңдардың орындалуын бақылайтын механизм дұрыс болмай тұр, - дейді адвокаттар. Мысалы, адвокаттың қорғауындағы адамды тергеушілер қинаған болуы мүмкін. Сондай шағымдар көп түседі екен.
Жандос Тұяқов, адвокат:
Сот барысында қысым көрсетілгенін айтқан кезде судья ең алдымен «Бұл туралы құқық қорғау органдарына немесе прокуратураға шағымдандыңыз ба?» деп сұрайды. Егер шағым жазылғаны айтылса, келесі сұрақ – «Қандай жауап алдыңыз?» болады. Көп жағдайда прокуратура «көрсетілген деректер расталмады» деген жауап береді, ал судья осыны негізге алып, шешімде қысым фактісі дәлелденбеді деп көрсетеді.Ал егер мүлде шағым жасалмаса, бұл жайт сот үкімінде күдікті жағдай ретінде бағалануы мүмкін.
Аманкелді Сейтхан, тілші:
Яғни, прокурордың бір ғана жауабымен мәселе сол жерде жабылады. Ал кейде айыптаушыларжазаны тым қатаң жазады, одан кейін оны төмендету көп жағдайда мүмкін емес екен.
Жандос Тұяқов, адвокат:
Кей жағдайда тергеушілерге «Бұл бап артық қосылған, бұл заңсыз» деп айтамыз. Сонда олар «оны түсініп тұрмыз, бірақ прокуратура осылай нұсқап отыр, сотқа барған соң өздеріңіз анықтап, нүктесін қоясыздар, біздің мақсат – істі сотқа жіберу» деп жауап береді. Бүгінде тергеушілер мен прокурорлар көбіне тек айыптау бағытына назар аударады. Ал заң бойынша прокурордың міндеті тек айып тағу емес, ең алдымен заңның дұрыс сақталуын қадағалау болуы керек.
Аманкелді Сейтхан, тілші:
Конституцияға бап енгізілді деп мәселе бірден шешілмейді. Бірақ бұрын прокуратураның, соттың мәртебесі ғана Конституциялық заңмен реттелетін енді авдокаттар да солай. Келесі қадам қолданыстағы адвокатура туралы заңды өзгерту. Оған қоса мәселенің екінші жағын ұмытпау керек, - дейді мамандар. Оладвокаттардың жауапкершілігін де арттыру.
Тастемір Әбішев, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары:
Бізге келіп түскен шағымдарға қарағанда, кейбір жағдайларда адамдарға түрлі уәде беріліп, алайда заңгерлік көмек соңына дейін көрсетілмей қалады. Тіпті кейде алдын ала ақша алып, кейін қызметін толық атқармай кететін жайттар да кездеседі.
Аманкелді Сейтхан, тілші:
Бұл көбіне мемлекеттен тегін тағайындалатын адвокаттарға қатысты. Олардың көмекті соңына дейін жеткізбеуіне жауапсыздықпен қатар басқа себептер болуы мүмкін. Мысалы, оларды азаматтар өздері таңдай алмайды. Судья немесе тергеуші бекітеді. Ал оның еңбекасы тергеуші жазған қаулыға байланысты. Яғни, оның қанша сағат жұмыс істеді деп жазатын да, қанша теңге алатынын да тергеуші шешеді. Сонда оны тәуелсіз дей аламыз ба? Сондықтан айлық алу үшін олар негізгі оппенентімен бірігуі де мүмкін. Әйтпесе, олардың онсызда аз еңбекақысын ұзақ уақыт бойы ала алмай жүретінін осыған дейін де көрсеткенбіз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы