АҚШ пен Қытай басшылары үш сағат бойы виртуалды келіссөз жүргізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ пен Қытай басшылары үш сағат бойы виртуалды келіссөз жүргізді

16.11.2021

АҚШ президенті Джо Байден мен Қытай төрағасы Си Цзиньпин үш сағат бойы виртуалды келіссөз өткізді. Видеоконференцияда екі супердержаваның басшылары өз елдері барған сайын шиеленісіп бара жатқан бәсекелестікке тап болған шақта абай болуға уағдаласты. Сонымен қатар, Байден де, Си де жаһандық сахнадағы турбулентті қарым-қатынастарында «температураны» төмендетуге бел буып отыр.

«Бұған дейін айтқанымдай, Қытай мен Америка Құрама Штаттарының лидерлері ретінде елдеріміз арасындағы бәсекелестіктің әдейі ұйымдастырылған немесе ойламаған жанжалға ұласып кетпеуін қамтамасыз етуге тисіпіз», - деді Байден қытайлық әріптесіне.

Сонымен қатар, екі президент Гонконг пен Шыңжаңдағы адам құқығын қорғау, сауда, климаттың өзгеруі мәселелерін де талқылады. Сөз арасында Қытай жетекшісі Тайванды тәуелсіздікке итермелеу «отпен ойнау» екенін ескерткен.


Хабарламаларға жазылу