Бақыт Сұлтанов Дүниежүзілік кеден ұйымының бас хатшысы Кунио Микуриямен кездесті
Еліміздің сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Бельгияға жұмыс сапары барысында Дүниежүзілік кеден ұйымының бас хатшысы Кунио Микуриямен кездесті. Штаб пәтері Брюссельде орналасқан ұйымның төрағасы Қазақстанның кеден саласында айтарлықтай жетістікке жеткенін атап өтті.
«Жаңа технология мен халықаралық стандарттарды енгізу арқылы қазақ елі сауда-саттықты жеңілдетіп, аймақтық интеграцияны дамытты», - дейді Кунио Микурия.
Кездесуде министр Бақыт Сұлтанов халықаралық сауданы қолдау жөнінде елде атқарылып жатқан кешенді жұмыстар жайлы баяндады. Сондай-ақ, министр Қазақстанның төрағалығымен Женевада өтетін Дүниежүзілік сауда ұйымының 12-министрлік конференциясына дайындық барысына тоқталды.
Кунио Микурия, Дүниежүзілік кеден ұйымының бас хатшысы:Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымының министрлік конференциясына төрағалық етуі - үлкен жетістік. Әрі бұл - сауда, экономикадағы басты ойыншылар елдеріңіздің көшбасшылық рөлін мойындағанының белгісі. Экономикалық даму үшін сауда мен инвестицияны қолдау маңызды екенін қазақ үкіметі әлдеқашан түсінді. Сондықтан министрлік конференцияда елдеріңіз халықаралық саудаға қатысты түйткілді мәселелердің түйінін тарқатуға септігін тигізеді деген үміттемін.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өскеменде үздік тауарлардың көрмесі өтті
15.06.2026, 20:54
Президент Геннадий Головкинді Халықаралық бокс даңқы залына енуімен құттықтады
15.06.2026, 20:52
Геннадий Головкин Халықаралық бокс даңқы залының ресми мүшесі атанды
15.06.2026, 20:50
ӘЧ-2026: Ф тобындағы алғашқы ойын тартысты өтті
15.06.2026, 20:47
Интернетте балағат сөз қолданғандарға 86 мың теңге айыппұл енгізілмек
15.06.2026, 20:18
Цифрлық теңге шілде айында күшіне енеді
15.06.2026, 20:17
«Әділет» партиясының филиалдары еліміздің барлық өңірінде құрылады
15.06.2026, 20:12
«Әділет» партиясы AMANAT-тың басшылығы мен мүшелеріне алғыс айтты
15.06.2026, 20:10