Австрияда толық вакциналанбағандар бүгін локдаунға алынады
Австрияда толық вакциналанбаған миллиондаған адам бүгіннен бастап карантинге алынады. Сондағы мақсат – қайта өршіген коронавирусты шектеу.
Канцлер Шалленбергтің мәлімдеуінше, елде ковид жұқтыру оқиғалары азайып келе жатқанымен, мұндай науқастар екпе салдырмағандар арасында көбейіп отыр.
Австрияда халықтың 65 пайызы толық иммундалған. Алайда бұл – Батыс Еуропадағы ең төменгі көрсеткіштердің бірі. Жергілікті тұрғындардың бір бөлігі парламенттегі үшінші ірі партияның сөзіне сеніп, вакцинаға күмәнмен қарайды.
Жаңа локдаунға сәйкес, вакциналанбаған азаматтар үйлерінен жұмысқа және дүкенге бару үшін ғана шыға алады. Дегенмен бұл ереже 12 жасқа дейінгі балаларға қолданылмайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Боксшыларымыз Азия чемпионатын сәтті бастады
01.04.2026, 20:58
Ұлттық банк: Теңге тұрақты валюталардың біріне айналды
01.04.2026, 20:15
Алтын шамамен 19 пайызға арзандаған
01.04.2026, 20:14
1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі өзгерді
01.04.2026, 20:13
Әлем жаңалықтарына шолу
01.04.2026, 20:13
Тартылған теңіздің 165 мың га алқабына ағаш отырғызылады
01.04.2026, 20:12
Дубайға қатынайтын ұшақтар сәуірдің соңына дейін тоқтатылды
01.04.2026, 20:11
Суды үнемдеуге бөлінетін субсидия 4 есе өсті
01.04.2026, 20:09